Сатып алу мониторингі сараланды

Уақыты: 05.09.2017
Оқылды: 1183
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігінің Алматы облысы бойынша де­партаментінің мамандары бей­небайланыс арқылы ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен мемлекеттік сатып алу мони­торингісі туралы семинар-кеңес өткізді.

Алғашқы болып Мем­ле­кет­тік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша депар­та­менті басшысының орын­ба­сары Данияр Сабырбаев баян­дама жасап, мемлекеттік са­тып алу мониторингін жүр­гізудің шарттарын түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, мем­ле­кеттік сатып алу монито­рин­гін жүргізуге үкіметтік емес ұйымдарды көптеп қаты­сты­ру заман талабынан туын­­дап отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бүгінгі күні ең маңызды мәселеге айналды. Әсіресе мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу кезек күттірмейтін іс. Тір­келген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 12%-ы осы салаға тиесілі, – деген Данияр Бауыржанұлы түйткіл мәсе­ленің түйінін тарқатқандай болды. – Қызметін асыра пай­даланып, сыбайлас жемқор­лыққа дем беру деректері әсі­ре­се мемлекеттік сатылым­дарды бір көзден сатып алу кезінде өткізу бойынша бай­қалуда. Бұл Заң 56 негіз бойын­ша ешқандай конкурссыз са­ты­лымдар өткізуге мүмкіндік береді. Бұл 2002 жылдағы заңнамамен салыстырғанда 5 есеге жоғары. Мысалы, был­тыр құны 866 миллиард теңге болатын мемлекеттік сатып алудың 40%-ы конкурссыз өт­кі­зілген. Соңғы 2 жылдың ішін­­­­де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­­­­­тігі жалпы құны 7,3 миллиард теңге болатын қыз­мет құнының артуын тоқ­тат­қан. Биылғы жыл басы­нан мемлекеттік сатып алуға мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржының құны 2 трил­лион 700 миллиард тең­геден асып кеткен. Жүргі­зілген тексерулердің нәти­жесі бойынша агенттіктің об­лыстық департаментінің ма­мандары бюджет қаржы­сы­нан 31 544 400 теңгенің тиім­сіз жұмсалғанын анық­тап, заңбұзушылықты бол­дыр­маған. Осыған орай бар­лық аудандық, қалалық, ауыл­дық округ әкімдіктерінің осы ба­ғытқа жауапты маман­да­ры­ның өз істеріне мұқият бо­луы қажет.

Бұдан кейінгі кезекте об­лыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас мама­ны Нұрсұлтан Орынбасаров, облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім бас­тығы Қалмағамбет Рах­ме­тов есеп беріп, өздерінің жұ­мыстарын таныстырды. Есік қаласының әкімі Бауыр­жан Бименов пен Іле ауданы, Бо­ралдай ауылдық округі әкі­мі­нің орынбасары Аманбол Әлім­ханов бейнебайланыс ар­қылы өздерінде атқарылған жұмыстардың нәтижесін паш етті.

М. Әсетұлы.