КӨП БОЛЫП КҮРЕСЕЙІК

Уақыты: 07.09.2017
Оқылды: 1201
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Еліміздің қауіпсіздігі бүгінгі таңда жемқорлықты жоюмен тікелей байланысты болып отыр. Сондықтан бұл дертті болдырмау – өзекті мәселелердің бірі. Мұндай әлеуметтік қасірет саяси даму тұрғысынан әлемдегі  барлық  елдерді алаңдататыны  анық.

Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керек. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. 
Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлері сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруы керек. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеулерi тиiс.
Елбасы: «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз», – дейді. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз  қажет және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы болып саналады. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан дүниесін ұдайы таза ұстап, қызметтік міндеттерін адал атқаруға, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде көрсетілген  мінез-құлықтың жалпы стандарттары мен қызметтік қатынастағы талаптарын қатаң  ұстауға міндетті.   Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді. 


А. Качкарова,
ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті,
әкімшілік қаржылық жұмыс бөлімінің басшысы.