ТАЛДЫҚОРҒАН ГАРНИЗОНЫ БАЛАЛАРҒА ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ҰРЫС ТЕХНИКАЛАРЫН КӨРСЕТТІ

Уақыты: 17.11.2021
Оқылды: 1889
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімде ашық есік күні ұйымдастырылды.

Ашық есік күніне әскери қызметшілердің балалары, Талдықорған агротехникалых колледжінің жас сарбаздары, сонымен қатар, құрметті қонақ ретінде Ауған соғысының ардагерлері шақырылды. Шара барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталды.

Келушілердің назарына түрлі әскери қару-жарақ пен ұрыс техникаларының түрлері ұсынылды. Балалар ардагерлермен бірге жүріп әскери қару-жарақтарды тамашалады.

Ұйымдастырылған шарада балалар әскери өмірді көріп, әскери барлаушылардың киім үлгілерімен, әскери техника және қару-жарақ түрлерімен  танысты.

– Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – ол жастардың өз елі мен Отанын сүюге баулу, сонымен бірге, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастыру деген сөз, – деді "Алматы облысы әуе-десанттық әскері" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері Еркін Ерғожанов.

Шара соңында балалар сарбаз ботқасынан ауыз тиіп іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі

Алматы облысы