АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ІШІМДІК ІШКЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

Уақыты: 24.11.2021
Оқылды: 1088
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының тәртіп сақшылары «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп, алты күн ішінде 1052 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.

Оның 23 жағдайында жасөспірімдер алкогольдік ішімдік ішкен. «Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар "Жасөспірім" профилактикалық іс-шарасын өткізді. Бұл акцияның мақсаты кәмелетке толмағандар арасында, сондай-ақ, оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіледі», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратында.

Жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары полицияға 890 жасөспірімді жеткізген. Оның ішінде 849 факті кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін шығуы себеп болған. Алдын алу іс-шараларын өткізу кезеңінде облыс аумағында 1541 ойын-сауық мекемесі тексерілді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 13 жасөспірім жеткізілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"