Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА 60 ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМ ЖЫЛҚЫ ЕТІН ҚОЛДЫ ҚЫЛДЫ

Уақыты: 25.11.2021
Оқылды: 731
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ескелді ауданында ілініп тұрған соғым етін ұрлаған күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Күдікті ілулі тұрған 20 келі жылқы етін қолды қылған. Іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде 60 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Оның айтуы бойынша, ұрлық жасаған сәтте ол мас болған. Сонымен қатар, ұсталған азамат жарты етті асып жеп үлгерген. Оңай олжаға кенелмек болған азамат енді істеген әрекеті үшін заң алдында жауап беретін болады. «Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Ескелді ауданы полициясымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"