АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ

Уақыты: 26.01.2022
Оқылды: 1783
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Танысып қойыңыз, Арыстанғани Заппаров Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Қазіргі жағдайды ескере отырып, кадр әлеуетін нығайту, қылмыспен күресуді күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін Президент әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Заппаров Арыстанғани Расылханұлы Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған», - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметі өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"