БҮЛІКТІ ПАЙДАЛАНЫП "АПОРТ" САУДА ҮЙІН ТОНАҒАН ҮШ ЖІГІТ ҚОЛҒА ТҮСТІ

Уақыты: 03.02.2022
Оқылды: 1240
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлері қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде "Апорт" сауда-ойын-сауық кешенінен ұялы телефон ұрлаған үш күдіктіні ұстады.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 21 жастағы үш жігітті қолға түсірді. Ұсталғандардың барлығы Алматы облысының тумалары болып шықты.

- Қазіргі уақытта 32 жастағы зардап шегуші 16 ұялы телефон ұрланғанын мәлім етті. Ұсталған тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялануға жатпайды, - деді криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"