ӘСКЕРИ БӨЛІМДІ РҰҚСАТСЫЗ ТАСТАП КЕТПЕУ ТАҚЫРЫБЫНДА АРНАЙЫ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

Уақыты: 06.02.2022
Оқылды: 1209
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорған гарнизоны жеке құрамымен «Қазақстан Республикасына қызмет етемін» онкүндігі аясында жергілікті әскери полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

– Әрбір әскери қызметші борышын өтеудегі, Отанын қорғаудағы жеке жауапкершілігін сезінуі және антына адал болуы керек. Осындай шаралар жеке құрамның Отанға қызмет етуге деген сүйіспеншілігін арттыратынына сенімдімін, – дейді Талдықорған гарнизоны әскери полиция бөлімінің аға офицері, әділет капитаны Нұрбол Зейтінов.

Шара барысында әскери бөлімдердің жеке құрамына әскери бөлімді өз бетімен тастап кетпеуді және әскери қызметтен жалтаруды немесе бас тартуды болдырмау тақырыбында сабақтар өткізілді. Сондай-ақ, жеке құрамға жарғы талаптарын, өзіне жүктелген міндеттерін орындамаған, қызметтен жалтарған, өз бетімен әскери бөлімді тастап кеткен тұлғалардың жауапкершілікке тартылатыны жайлы мысалдар келтіріліп, арнайы дайындалған бейнеүзінділер көрсетілді.

Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі