ТЕРРОРЛЫҚ ҚАУІПТІҢ "ҚЫЗҒЫЛТ САРЫ" ДЕҢГЕЙІ КҮШІН ЖОЙДЫ - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 07.02.2022
Оқылды: 1229
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы аймақта жағдайдың тұрақталғанын хабарлады.

"Штаб жетекшісінің шешімімен ағымдағы жылдың 7 ақпаны күні, сағат 00:00-ден бастап Талдықорған, Текелі қалалары мен Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Жамбыл, Қарасай, Ақсу, Ескелді және Қаратал аудандарында терроризм қауіптілігінің жоғарғы «қызғылт сары» деңгейi тоқтатылды. Арнайы және құқық қорғау органдары штаттық жұмыс кестесiне көшіріледі. Барлық аймақ тұрғындарына түсіністікпен қарап, азаматтық жауапкершілік танытқандары үшін алғысымызды айтамыз", - делінген Терроризмге қарсы күрес жөнiндегi жедел штабтың хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"