КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕЙБІР МАҢЫЗДЫ ФУНКЦИЯЛАРЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

Уақыты: 08.02.2022
Оқылды: 1200
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Көші-қон саласындағы бірқатар функциялар Ішкі істер министрлігінен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді.

Атап айтқанда, еңбек иммигранттарына рұқсат беру, босқындармен жұмыс, халықтың көші-қон саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, көші-қон процестерінің мониторингі және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен тікелей байланысты емес бірқатар басқа да өкілеттіктер Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне өткізілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің босқындармен жұмысы көбіне оларға әлеуметтік көмек, медициналық қызмет және білім беруге, сондай-ақ, оларды жұмысқа орналастыруға бағытталатын болады.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне 8/717/2-74-37-78, 74-37-26 және ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті телефондарына 8/717/2-71-40-73, 72-20-62 хабарласуға болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"