ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖЕҢІЛ КӨЛІК АУДАРЫЛЫП, ТӨРТ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

Уақыты: 22.02.2022
Оқылды: 1104
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорғанда көлік апатынан 4 адам мерт болды.

«Талдықорғанда «Субару Импреза» автокөлігі 18 ақпан күні, таңғы сағат 05:45 шамасында көлік апатына ұшырады. Жансүгіров көшесімен келе жатқан көлік жүргізушісі қаланың шетінде рөлге ие бола алмай, көлік аударылған. Салдарынан машина өртенді. Оқиға орнында екі адам мерт болды», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция ақпаратына сәйкес, тағы екі кәмелеттік жасқа толмаған баланы қалалық ауруханаға жеткізген. Олар жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Қазір аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"