ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА "LEXUS" МІНГЕН ЖАС ЖІГІТ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІНІ ҚАҒЫП КЕТТІ

Уақыты: 03.03.2022
Оқылды: 1197
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жамбыл ауданында көлік қаққан 31 жастағы жаяу жүргінші мерт болды.

Көлік қағып мерт болған адамның оқиғасы видеоға түсіп қалды. Бейнежазба желіге жүктелді. «21 жастағы «Lexus GS-300» автокөлігінің жүргізушісі Алматы-Бішкек тасжолының 44-ші шақырымында жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 31 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ауыр жарақат алған жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, кейін қайтыс болды», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті хабарламасында.

Ресми ақпаратқа сәйкес, оқиға бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"