ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ МЕДЕУ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛДІ - ЖЕДЕЛ ШТАБ

Уақыты: 06.04.2022
Оқылды: 1533
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының терроризмге қарсы жедел штабы Талдықорған қаласының Медеу көшесінде «Батыл тойтарыс - 2022» лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуын өткізуде.

Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдайларды жою және шартты терроризм актісінің жолын кесу, сондай-ақ, оның зардаптарын барынша азайту және жою міндеттерін орындау үшін құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын дамыту.

Жедел штабқа тартылған адамдар мен арнайы техниканың едәуір бөлігі әртүрлі күрделі элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақын жаттығуларға қатысады. Осыған байланысты шектеулер қарастырылған, оның ішінде, Медеу көшесінде көліктердің жүруіне де шектеу қойылған.

Біз азаматтарды лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік орган өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.

Алматы облыстық терроризмге қарсы жедел штабы