ТАЛДЫҚОРҒАНДА АВТОБУС АУДАРЫЛЫП, БІРНЕШЕ АДАМ ЖАРАҚАТТАНДЫ

Уақыты: 11.04.2022
Оқылды: 1190
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорғанда автобус аударылып, төрт адам жарақаттанды. Оқыс оқиға 10 сәуір күні таңертең болған.

Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылында Хван мен Слямов көшелерінің қиылысында автобус бір қырымен аударылып қалған.

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын ала болжам бойынша Mazda Cronos жүргізушісі жол белгісін елемей, қосалқы жолдан басты жолға шығамын деп автобуспен соқтығысқан.

Оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде видео жариялады. Салдарынан 47 жастағы Isuzu автобусының жүргізушісі және оның үш жолаушысы, олардың ішінде, екі әйел түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Аталған факт бойынша істің мән-жайын тексерумен Талдықорған қалалық полиция қызметкерлері айналысып жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"