ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ ЕКІ ЛАУАЗЫМДЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПАРА АЛУ КҮДІГІНЕ ІЛІКТІ

Уақыты: 18.04.2022
Оқылды: 1539
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарын әшкереледі.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары («үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды) және Алматы облысы Қапшағай қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы әшкереленді, олар адамдар тобына алдын ала сөз байласу арқылы казино өкілінен 1000 АҚШ доллары сомасында пара алған. Қазір тергеу жалғасуда.

Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"