КӨКСУ АУДАНЫНДА ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ОТЫРҒАН АВТОБУС ОТҚА ОРАНДЫ

Уақыты: 25.04.2022
Оқылды: 1355
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Көксу ауданы аумағында жас футболшылар отырған шағын автобус өртке оранды.

Оқиға Талдықорғаннан 50 шақырым жерде, Көксу ауданы, Айнабұлақ ауылының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, жас футболшылар отырған шағын автобус сиырмен соқтығысқан. Нәтижесінде, көлік өртенген. Барлық жолаушы көліктен түсіп үлгерген.

Тосын оқиғаға себеп болған жануардың иесі кім екені белгісіз. Жас футболшылармен бірге құқық қорғау органдарының қызметкерлері бармағандығы айтылуда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"