АТЫС ҚАРУЫН ӨТКІЗГЕНДЕР АҚШАЛАЙ СЫЙАҚЫ АЛАДЫ - ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ

Уақыты: 27.04.2022
Оқылды: 1360
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Журналистер үйінде тәртіп сақшыларының Алматы облысы аумағында атыс қаруларын сатып алу акциясын бастау шараларына арналған брифинг өтті. Жиында Алматы облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Ысқақов сөз алды.

Өз кезегінде Алматы облысы ПД ӘПД бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Ысқақов: "Қару қолдану қылмысының алдын алу мақсатында облыс аумағында 2022 жылдың 25 сәуірінен бастап халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу акциясы өткізілуде. Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға тапсыруға ниет білдірген азамат тұрғылықты жері бойынша кез келген аумақтық полиция органына өтініш бере алады. Сондай-ақ, материалдық өтеу мәселелеріне келетін болсақ, ерікті тапсыру үшін төлемдер сомасы қарудың түріне, оның техникалық жағдайына байланысты 10 мыңнан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін өзгереді. 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қаражат автоматты ойық қарудың әрбір тапсырылған бірлігі үшін беріледі. Мұндай соманың жартысы ойық мылтықтар мен карабиндер үшін төленуі мүмкін", - деді.

Іс-шарада мамандар бір жылға қорытынды жасап, ойықты тапаншалар мен револьверлер, тегіс ұңғылы мылтықтардың есептік көрсеткіштерін баяндады. Сонымен қатар, заңсыз сақталған қаруды тапсырған азаматтардың қылмыстық заңмен қудаланбайтынын айтты.

Кәмилла ТҰЯҚОВА

Алматы облысы