Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Уақыты: 22.06.2022
Оқылды: 823
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Комплаенс қызметінің мақсат-міндетін түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында "Өлке тынысы" ЖШС-ның комплаенс-офицері Жанар Хабасова мен кадр бөлімінің маманы Айжан Бектімбекова ұйымның жаңа қызметкерлерімен кездесу өткізді. 

Баяндамашылар комплаенс, аймақтағы квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметін, Қазақстанның жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын түсіндірді. Заң талаптарына сәйкес, басшылық лауазымдағы қызметкерлерге кәсiпкерлiкпен айналысуға тыйым салынған. Сондай-ақ, лауазым иелеріне кәсiпкерлiк қызметпен айналысудан бөлек, жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруiне, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуына да рұқсат етілмейді.

Мамандар жиын барысында еңбек шартын да толық айтып, қауіпсіздік ережесін жан-жақты ұғындырды. Сонымен қатар қойылған сұрақтарға жауап берді.

"ЖЕТІСУ-АҚАПАРАТ"