ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Уақыты: 28.06.2022
Оқылды: 1610
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында «Өлке тынысы» ЖШС-ның комплаенс-офицері Жанар Хабасова «Алматы-Болашақ» акционерлік қоғамы қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның нормалары түсіндірілді. Сонымен қатар, комплаенс қызметі, оның өкілеттіктері мен құқықтары, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында тапсырыс беруші, жеткізуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау қажеттілігі айтылды. Жиында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы No 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы бойынша сыбайлас жемқорлық факторларын болдырмау және алдын алу мәселелері қозғалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"