ШАРЫН ШАТҚАЛЫНДА ТАУТЕКЕ АТУҒА ШЫҚҚАН ҮШ АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ - ПОЛИЦИЯ

Уақыты: 02.08.2022
Оқылды: 1788
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Шарын ұлттық паркі аумағына заңсыз кірген браконьерлерден бірнеше қару тәркіленді.

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді. 30 шілде күні сағат 13:00 шамасында Шарын ұлттық табиғи паркі инспекторлары жүргізген рейд кезінде «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөліктің ерекше қорғалатын табиғи аймаққа кіргені анықталып, ол туралы парктің жедел тобына хабарланған.

«Инспекторлық топ автокөліктің ізі арқылы Бұғыты тауы Алмасай аймағында (13 айналым, 88 орам) мемлекеттік номері жоқ автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында 3 ойық ұңғылы мылтық, 2 пышақ, 1 рация және арнайы контейнерге салынған ет табылды», - делінген хабарламада. Сондай-ақ, автокөлік жанынан Сібір таутекесіне ұқсас аң терісі табылған.

«Көлікте болған үш азамат ұсталды. Олар - Еңбекшіқазақ ауданы мен Алматы қаласының тумасы», - деп хабарлайды комитеттен. Тәркіленген заттар Ұйғыр ауданының полиция бөліміне тапсырылды.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"