Дау айту құқығы

Уақыты: 19.10.2017
Оқылды: 1262
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жеке бизнестің мемлекеттік органдар тарапының әрекеттері мен шешімдерін даулау мәселелері қандай болмақ? Бүгінде азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік билік органдарымен өзара қатынасының күрделілігі мен алуан түрлілігі құқықтық дауға жиі ұшырастырады.

Алдымен бірінші тараптың билікті қолдану және шешім қабылдау құқығы екінші тараптың құқығы мен бостандығын бұзған жағдайда, бірінші тараптың шешімдеріне шамдану және олардың жойылуын талап ететін құқығымен теңдестірілген болуы тиіс. Қазақстан Республикасында азаматтар мен ұйымдар, бір жағынан мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар арасындағы дау, екінші жағынан, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің «Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу» атты 27-тарауымен реттеледі және сотпен қарастырылады. 
Осы мазмұнды сұрақ төңірегінде жеке кәсіпкер, ұйым және мемлекеттік орган соттасқан кезде, іс арнайы ауданаралық экономикалық сотта қарастырылады, оған қоса жариялы-құқықтық дау тараптардың теңдігіне негізделген қарапайым шаруашылық дауға теңестіріледі. Жалпы, сотқа қарағанда, әкімшілік шағымдану дауды шешудің, сондай-ақ, құжаттар әзірлеу мен ресімдеу тұрғысында (шағымды құрастыру және беру оңай, ал оны қарастырмай қайтару үшін негіз өте аз) жылдам тәсілі болып табылады. Әрі әрекет ететін заңға сәйкес, әкімшілік шағымдану – тегін, яғни мемлекеттік баж (немесе басқа төлем) алынбайды. Одан бөлек, әкімшілік шағымдану кезінде өтініш беруші де жоғары тұрған органның (лауазымды тұлғаның) ұстанымын анықтауға мүмкіндік алады. Ол оған сотқа өтініш беру кезінде өзінің көзқарасын негіздеп және қосымша дәлелдерді уақытынан бұрын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Осылайша, дербес әкімшілік әділет институтын енгізу – бір қырынан, азаматтар мен ұйымдардың заңды көзқарастары мен құқықтарын қорғаудың тиімді тәсілі, екінші қырынан, мемлекеттік органдардың  жұмысына оң әсер етеді.

Д. Даутов,
Талдықорған қалалық әділет
басқармасының бас маманы.