ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖОЛ БОЙЫНАН ЕР АДАМНЫҢ МҮРДЕСІ ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 28.09.2022
Оқылды: 1306
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Еңбекшіқазақ ауданында автожол бойынан ер адамның мәйіті табылды.

Polisia.kz сайтының мәлімдеуінше, Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне Көлді ауылының маңындағы автожолдың бойында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған факті Еңбекшіқазақ ауданы Шелек полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Өлім себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалған. Ер адам 35-40 жас шамасында.

«Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Алматы облысы полиция департаментінің өкілдері.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"