ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЕКІ ЖАСАР БҮЛДІРШІН КӨЛІК АСТЫНА ТҮСІП, КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 29.09.2022
Оқылды: 1348
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорған қаласында екі жасар бала көлік астына түсіп, көз жұмды.

Жантүршігерлік апат 28 қыркүйек күні күндіз "Шығыс" шағынауданындағы Сеңгірбаев көшесінде болды. Алдын ала анықталғанындай, бала үй маңындағы жолда ойнап жүрген. Сол сәтте 38 жастағы ер адам «Toyota Cresta» маркілі көлігімен бүлдіршінді қағып кеткен.

Патрульдік полиция взводының командиры Елдос Тәуірбеков ата-аналарға балаларын мұқият қадағалап, жүргізушілерге, елді мекен арасында, көшелерде жылдамдықты қатаң сақтауды ескертті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"