Оқи отырыңыз
Панфилов ауданында 1-3 қазан аралығында Қазақ-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктері жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Комитеттің мәлімдеуінше, аталған үш күнде Қытай Халық Республикасының құрылған күні тойланады. Ал Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штат режимінде жұмысын жалғастырады.
"Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген Комитет таратқан хабарламада.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"