Бірлесе күресу қажет

Уақыты: 16.11.2017
Оқылды: 1145
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Ең бастысы, адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын ала іс-қимыл жасаудың мемлекеттік саясаты билік құрылымдарының ашықтығы мен қоғамның бақылауында болуын, мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларын қысқартуды және мемлекеттік бақылау органдары жүйесін оңтайландыруды, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін фактор ретінде мемлекеттік қызметшілер жағдайының тұрақсыздығын болдырмайтын кадр саясатын жүргізуді көздейді. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай шара қолдану керектігін толық білулері қажет. 
Жемқорлықты болдырмау – Елбасы Н. Назарбаевтың қатаң тапсырған, нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Сол себепті  Президент өзінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясында сыбайлас жемқорлықты мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінететін ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер ретінде атап өтті. Стратегияда көрсетілгендей, жемқорлыққа қарсы саясат тек кінәлілерді анықтап, олардың жауапкершілігін қараумен ғана шектелмей, жалпы сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап, оның алдын алуды жүзеге асыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауы және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жұмыстар жүргізуі.
Осы бағытта облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде елеулі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, бүгінде  8 7282 32-47-66 сенім телефоны жұмыс істпейді, қолжетімді орында ұсыныстар мен шағымдарға арналған жәшік орналастырылған. Азаматтардың сенімділігін арттыру, халықпен ашық әрі анық сөйлесу мақсатында департамент басшылары белгіленген күндері азаматтарды қабылдайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі. Осы бағытта персоналды басқару қызметі қызметкерлерге табыстары туралы декларацияны салық органдарына уақытында тапсыруды қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде әңгімелесу жүргізеді. Қызметкерлер кезең-кезеңмен даярлау, қайта даярлау және біліктілік арттыру курстарына жіберіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шараларды іске асыру мақсатында аудиторлық іс-шараларға шығар алдында аудит объектілері атына қосымша ескерту хат жіберіліп, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың алдын алу, жолын кесу жұмыстары атқарылуда. Аудит объектілеріне анонимді түрде анкеталар жіберіліп, мемлекеттік аудиторлардың кәсіби этикалық нормаларын сақтау, жалпы аудиторлық іс-шараны өткізулеріне мониторинг жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында, департаментте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бағытында арнайы жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобының негізгі мақсаты – жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша дайындалған жауаптарға, қабылданған шешімдерге жан-жақты талдау жүргізе отырып, өтініштердің орындалу мерзімін, қабылданған шешімдердің құқықтық негізділігін, оның мазмұнын қадағалау. Бұл шара жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін толық қанағаттандыра отырып, халықтың  департаментке, сайып келгенде, билікке деген сенімін арттыруға бағытталған.


Қ. Ноғайбеков,
облыс бойынша ішкі  мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы – мемлекеттік аудитор.