АРТЫҚ ЖҰМЫСТАН БАС ТАРТА АЛАСЫЗ: ЕҢБЕК КОДЕКСІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛЕДІ

Уақыты: 17.03.2023
Оқылды: 1229
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Еңбек кодексіне артық жұмыстан бас тарту туралы норма енгізілетінін мәлім етті.

Бұл туралы Тамара Дүйсенова Сенаттың кулуарында журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Министрдің айтуынша, егер жұмыс беруші жұмыс күндері  немесе жұмыс күніңіз аяқталғаннан кейін сізді жұмысқа тартатын болса, мұның барлығы қызметкердің келісімімен ғана жасалуы керек.

Егер жұмыс беруші жұмыс күндері  немесе жұмыс күніңіз аяқталғаннан кейін сізді жұмысқа тартатын болса, мұның барлығы қызметкердің келісімімен ғана жасалуы керек. Егер келіссеңіз, жұмысқа шығасыз, келіспесеңіз, келіспейтініңізді жазуыңызға болады. Бұл норманың ТЖ, денсаулық сақтау орындарына қатысы жоқ, - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, ол жұмыс кестесі Еңбек келісімшартында бекітілетінін алға тартты. Ал артық жұмыс істегені үшін төленетін қосымша үстемақы Еңбек кодексіне сәйкес орындалады. 

Егер Еңбек кодексінде әр адам жағдайға байланысты бас тартса немесе артық жұмыс істеуге келісуге болатындығы жазылған. Яғни біз таңдау құқығын жұмысшының өзіне қалдырамыз, - деді Тамара Дүйсенова. 

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ