ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ҮШІН

Уақыты: 28.11.2017
Оқылды: 1424
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Келесі жылдан бастап елде жерге орналастыру, геодезия және картография күндері белгіленетін болды. Үкімет мұндай шешімді кәсіби күндерді құру шеңберінде қабылдады. Мұның геодезия және картография саласындағы кәсіби қызметкерлер үшін маңызы зор. Геодезия ғылымы біздің заманымызға дейін қалыптасты. Мысалы, 1700 жылы мысырлықтар геодезиялық өлшеу үшін «Папирус Ринд» тәжірибелік геометрия оқулығын құрастырды. Мысырлықтардың геодезиялық тәжірибесін көне гректер де қолданды. Геодезия сөзінің мағынасы грек тілінен аударғанда «жер бөлу» дегенді білдіреді.

Облыстық прокуратураны әр жылдарда елімізге кеңінен танымал тұлғалар басқарды. Атап айтқанда, Ф. Гомилевский, В. Николаев, М. Овчинников, А. Қапенова, А. Мұхамедияров, Ө. Сейітов, Б. Тапалов, Е. Есболатов,         Н. Нұрғалиев,  А. Нұрмағамбетов, А. Қапсұлтанов, И. Баймұхаметов, тәуелсіздік алғаннан кейін І. Бақтыбаев, О. Жұмабеков, Ғ. Өтебаев, С. Оңғарбаев, Ж. Байтұқбаев, М. Жөргенбаев, Е. Кененбаев және Ғ. Миразов облыс прокуратурасына жетекшілік жасады.
Еліміздің мемлекеттік қуаты артқан сайын республикалық органдар жүйесіндегі прокуратураның орны мен рөлі ауысып отырды. Прокурорлық қадағалау функциялары өзгерді. Алайда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, мемлекет мүддесін, әлеуметтік-экономикалық, саяси және азаматтардың жеке құқығы мен бостандығын қорғау, құқықбұзушылықтарды болдырмау прокуратура қызметінің негізгі бағыты болудан танбады. Соның арқасында прокурордың рөлі толассыз өсіп, әрбір азаматтың ең басты және нақты мүдделерін қорғаушы ретінде прокуратураның абырой-беделі асқақтады. Ел Конституциясының 83-бабында прокуратураның бірыңғай орталықтандырылған жүйе екендігі туралы негізгі ережелер көрсетілген. Соған орай прокуратура мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі өзінің конституциялық орнын иеленіп отыр. Жалпы прокуратураны реформалау мен дамыту жаңа мемлекеттік құрылысының тиісті қағидаттарымен, саяси және халықаралық-құқықтық бағдарлаумен іске асырылды. Еліміздегі және заңнамаларда болып жатқан өзгерістер қоғамның ең қымбат қазынасын адам деп танып, азаматтардың сот арқылы қорғалуына мүмкіндік туғызады.
Әлемдегі әрбір мемлекет өзіндік даму жолымен, өзіне тән бағытымен және мүмкіндігімен өсіп-өркендеп келеді. Жаһандық қарқынды дамудан кейін қалу құлдырау мен қирауға апаратыны мәлім. Осыған орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ендігі даму жолын бес институттық реформаға лайықтап, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын  жариялады. Прокуратураға артылар жауапкершілік мен міндет осы реформалар шеңберінде ұсынылып отыр. Соған байланысты биылғы 1 наурызда өзгерістер енгізілген Конституцияның 83-бабында прокуратураның негізгі функциялары жинақталды. Атап айтқанда, прокуратура мемлекет атынан ел аумағындағы заңдылықтың сақталуын заңда белгіленген шекте қадағалайтындығы, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiретіндігі және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыратындығы анық көрсетілген. Осыған орай 30 маусымда Елбасы Қазақстан Республикасының Прокуратура туралы Заңына қол қойды. Прокуратура органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған заңда мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік нысандарының қызметінде заңдылықтың сақталуын қадағалаудың шегі мен мөлшері айқындалып, прокурордың өкілеттілігі, жауапкершілігі, сондай-ақ, тексеру жүргізілетін нысандардың құқығы мен міндеті бекітілген. Бұл жаһандық сын-қатерлер мен құрылымды дамытудың жаңа мүмкіндіктерін пайдалану үшін әлемдегі өзгерістермен қатар жүруде. Алайда заман талабына сәйкес болу үшін бір заңмен ғана шектеліп қоймау керектігі белгілі.
Биылғы көктемнің шуақты бір күнінде қызметкерлердің поштасына Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асановтан хат келді. Әдеттегі тапсырмалар мен нұсқаулар жазылмаған хатты барлық қызметкерлер бірлесе оқып, онда айтылған мәселелерді зерделеді және жұмыс үрдісінің жаңа бағыты сезініп, шабыттанды. Хатта халықтың сенімін ақтау маңыздылығы ұсынылып, прокуратура қызметінің бағдары мазмұндалыпты. Содан бері прокуратура да өзгерістер басталды.
Расында адамның құқығын қорғайтын орган болса да, көпшілік прокуратураны жазалаушы орган ретінде көретіндігі жасырын емес. Себебі, біздің көбіміз ескіше жұмыс істедік. Қажеті жоқ көп есептер, ақпараттар, талдаулар, кеңестер қарапайым халық пен бұқаралық ақпарат құралдары үшін тиісті дәрежеде ашық болмады. Осындай жағдайдан шығу үшін Бас прокуратура «Өзгерістер бағдарламалары» атты Жол картасын әзірледі. Соған орай жарияланған мақалалар мен ғаламтор желісіндегі постерлерді көрген көпшілік: «Бұл не қылған өзгеріс? Прокуратура қайда барады және қалай өзгереді?» – деген сұрақтарды қояды. Қысқаша түсіндіре кетсем, біз бүгінгі жұмыс үрдісіндегі қажетсіз құжаттардан бас тарттық және азаматтардың құқығын дер кезінде қорғауға, сол арқылы халыққа жақындауға бел байладық. Оған облыс аумағындағы прокуратураларда азаматтарды қабылдау орталығының ашылуы мысал болады. Орталықтар ашылмай тұрғанда бір айда 100-ге жуық адамды қабылдасақ, енді айына мыңнан астам адам прокуратура қабылдауына келеді. Сол арқылы әркім басындағы мәселесін уақытылы шешіп, қажетті заң мен кеңес алады. Одан бөлек, бір ғимаратқа жиналған барлық құқық қорғау органдары, адвокаттар, медиаторлар, нотариустар халыққа қызмет көрсетуде. Бұдан бұрын адам талап-арызды қалай жазуды, қай жерден қандай кеңес аларын білмей жүрсе, енді орталықтардан керекті жауапты оңай табады.
Соған сай жұмысымызда мүлдем жаңа тәсілдер пайдаланыла бастады. Бұрынырақта түрлі тексеріспен айналыссақ, енді бүгін жобалы жұмысқа бет бұрып отырмыз. Осыған орай жобалау офисін құрып, ведомства жұмысын бұрынғыдан да ашық және тиімді етуге септесетін 30 жобаны шығардық. Сол арқылы қарапайым халыққа қажетті ақпарат қолжетімді бола түсті. Енді облыс тұрғындары айыппұл туралы, хабар-ошарсыз жоғалып кеткендер мен алимент бойынша борышкерлер жайында және басқа мәліметтерді арнайы бағдарламалар арқылы біле алады. Сонымен қатар, жоспарлық тәсіл құқықбұзушылықты анықтап қана қоймай, оған себеп болған және жағдай туғызған мәселені түбірімен шешуге көмектеседі. Яғни, себеп-салдарды таба отырып, күрмеуі қиын мәселенің түйінін басқа органдармен бірлесе шешудің жүйелі жолын іздейміз әрі жүзеге асырамыз.
Бас прокуратураның бастамасымен тұңғыш рет қылмыстық істі электронды форматта жүргізу жобасы ұсынылып отыр. Шындығында бұл шешім қабылдауды жылдамдатып, сот отырысына қатысушылардың құқығын қорғауды жақсартады, сыбайластық пен қызметін асыра пайдалануды азайтады. Соған орай бас прокуратура барлық қызметкерлердің білімін ғана емес, рухани дамуын қарастыратын ауқымды жұмыс бастады. Атап айтқанда, қызметкерлер үшін мотивациялық жаттығу шарттары мен материалдары, дамыту кітаптары орналастырылатын, өңірлер арасында тәжірибе алмасуға қажетті ақпараттық айдарлары бар «Ойлан, тап» интернет-порталы жасалды. Осындай жүйелі жұмыстардың арқасында білімді, білікті мамандарды ғана емес, азаматтардың сенімін ақтайтын, прокуратураның және жалпы еліміздің дамуына түрткі болатын жалынды көшбасшыларды тәрбиелеуді көздейміз.
Еліміздің прокуратура органдары үшін тағы бір тарихи оқиға орын алғанын айта кеткім келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биыл 13-қазанда Бас прокуратура және оның құрылымы туралы ережені бекітуге Жарлық шығарып, ведомствоның жалпы штат санын белгіледі. Осы Жарлық арқылы алғаш рет Бас прокуратураның міндеті – мемлекет атынан ел аумағында заңдылықтың сақталуын заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекет мүддесiн бiлдiру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру құзыреті белгіленді. Осындай зор міндет арқылы дұрыс бағыт ұстанатынымызға және халықтың қолдауымен еліміздегі заңның үстемдігін қамтамасыз ететінімізге, әрбір азаматтың құқығы мен мемлекет мүддесін қорғайтынымызға сенімдімін.

Азамат ЖЫЛҚЫБАЕВ,
Алматы облысының прокуроры
.