Тағы да алаяқтық жасаған: Талдықорғанда жас жігіт ұсталды

Уақыты: 19.04.2023
Оқылды: 728
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорғанда алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген жас жігітті ұсталып, қамауға алды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Бұған дейін 25 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған болатын. Биыл ол тағы да осындай құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен ұсталды. Тергеу материалдары сотқа жіберілді, алайда ер адам сот отырысына келмей, қашып кетті. Наурыз айының ортасында сотталушы іздеуге жарияланды және бір айдан кейін ұсталды.

Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметінің мәліметінше қазіргі уақытта ол алаяқтықтың тағы екі-үш фактісін жасағаны үшін күдіктенеді, олар бойынша тергеу материалдары жеке өндіріске қойылды.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы сома әзірге 8 миллион теңге шамасында.