Алаяқтар сіздің атыңыздан несие алса не істеу керек? Заңгер бірнеше кеңес берді

Уақыты: 19.04.2023
Оқылды: 1060
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ


Алаяқтар адамдардың жеке деректерін ұрлау үшін және оларды өз мақсаттарына пайдалану үшін әртүрлі схемаларды ойлап табады. Мысалы, олар сіздің атыңыздан несие алуы мүмкін. Өзіңіз алмаған несие бойынша қарыз бар екенін білген кезде не істеу керек? Мұндай несиеден құтылу жолдарын адвокат Эльнура Кишкенебаева өзінің интаграм парақшасында жазды,- деп хабарлайды Massaget.kz сайты

Адвокат Эльнура Кишкенебаева сіздің атыңызға біреу несие рәсімдеген болса, мына жолдар бойынша әрекет етуді ұсынды:

1. Несиені берген кредиттік ұйымның атауын білу қажет. Ол үшін несие тарихы көмектесе алады. Олардың базасында әр банк пен ұйымның, қарыз алушылар жайында мәлімет бар.

2. Құқық қорғау органынына арыз жазу керек. Адамның жазуын танып айыратын сараптама тағайындалуы тиіс. Ол кредит туралы келісімшартқа қол қоймағанын дәлелдейді.

3. Алаяқтар қай банкте рәсімдегенін анықтағаннан кейін сол банкке барып, қолдағы ақпаратты көрсетіп, арыз жазу керек.

4. Банктен міндетті түрде:

▪️қызметтік тексерісті жүргізгенін талап етіңіз;

▪️сіздің арызыңызды тіркеп, сіздің көшірмеңізде қабылдаған күні мен тіркеу номерін қою тиіс;

▪️несие туралы келісімшарт көшірмесін және өзге де құжаттардың көшірмесін беруге талап етіңіз.