ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

Уақыты: 09.01.2018
Оқылды: 1559
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

    Көксу ауданы Алғабас ауылының «Балауса» бөбекжай-балабақшасында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Шараға Көксу аудандық жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны               
      С. Келісұлы, кітапханашы Б. Шағатаева, ата-аналар комитетінің төрағасы А. Сүйінова және балабақша қызметкерлері қатысты.

 

     Шара үш кезең бойынша өрбіді. Бірінші кезекте «Балауса» балабақшасының кәсіподақ төрағасы Г. Курмашова ҚР Мемлекеттік кызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы туралы ережемен таныстырды.  Осыдан кейін  Э. Тауханова «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында слайд көрсетті. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қозғайтын «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР Қылмыстық кодексі және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі және өзге де заңнамалар туралы кеңінен баяндалды. 
    Үшінші мәселе бойынша қатысушылар өзара ой бөлісіп, пікір алмасты. Пікір алмасу барысында полиция капитаны С. Келісұлы сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық пен күрестің нормативтік-құқықтық базасы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық үшін жауапкершілікке тарту тәртібі жайлы кеңінен айтып өтті. 
    Жиын соңында балабақша меңгерушісі Э. Тауханова бүгінгі тақырып негізінде «Жемқорлықсыз қоғам – нұрлы болашақ кепілі», – деп сөзін қорытындылай келе келген қонақтарға ризашылығын білдірді.


Р. Жауыншинова,
«Балауса» бөбекжай-балабақшасы
Алғабас ауылы,
Көксу ауданы