ЖАҢА КОДЕКС – жаңа мүмкіндіктер

Уақыты: 02.08.2016
Оқылды: 1553
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Сот жүйесі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басты деп сеніммен айтуға болады. Судья­лар­ды даярлау мен іріктеу жөніндегі талаптардың күшейтілуі, үш буынды сот жүйесі, жаңа Азаматтық процестік кодекс, Жо­ғарғы Сотта инвестициялық даулар бойынша жаңа алқаның құ­рылуы және басқа да бірқатар жаңалықтардың бәрі Елбасының бас­тамасымен қабылданған «100 нақты қадам – баршаға ар­налған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын іске асырудың нақ­ты шаралары болып табылады.

 

Үстіміздегі жылдың ба­сын­да Пре­зи­дентіміз «Ұлт жоспары – қазақ­стан­дық арманға бастайтын жол» атты бағ­дарламалық еңбе­гін жариялап, онда бес инс­титуттық реформа ая­сын­да атқарылатын шара­лар мен алға қойған мақ­сат­тарды кеңінен түсін­дір­ді. Осы мақаласымен іс жүзінде еліміздің жақын болашақтағы даму жолын ай­қындап берді.

Ұлт жоспары Қазақстан Республи­ка­сының әлемнің ал­дыңғы қатарлы отыз мем­­лекетінің қатарына енуін қамтамасыз етуге тиісті. Осы орайда барша қа­зақстандықтардың бел­гі­ленген реформаларды іске асыруға атсалысуы­ның және олар беріп отыр­ған мүмкіндіктерді пайда­ла­нуының мән-маңызы ерек­ше.

Ұлт жоспарын орын­дау­да сот жүйе­сінің айрықша рөл атқаратындығын атап айтқан жөн. Осыған орай құжатқа республикамызды сот төрелігі сала­сында жал­пы­әлемдік стандарттарға қазіргіден  гөрі жақын­дата түсетін он бір нақты шара енгізіліп отыр. Прези­денттің атап көрсеткенін­дей, құқықтық реформаның мәні Қазақстанның тәуел­сіз сот төрелігінің азамат­тар­дың құқық­тары мен бос­тандықтарын қамтамасыз етуді, заңдардың қатаң орындалуын және құқық тәртібін нығайтуды көздей­тіндігінде болып отыр. Бұл қағидатты қазақстандық сот жүйесі ел тәуел­сіз­­ді­гінің алғашқы жылдарынан бас­тап ұстанып, соған сәй­кес дамып кел­ді.

2015 жылғы 31 қазанда ел Пре­зи­денті жаңа редак­циядағы Азаматтық про­цес­тік кодекске (АПК) қол қойды. Бұл заң тұрғындар үшін сот ісін ай­тар­лықтай жеңілдетті, даудың кез кел­­ген сатысында тараптарды тату­ластыру жөніндегі жаңа тетіктер кеңінен енгі­зілді. Жаңа АПК-нің мәнін түсіну үшін қазіргі кезде сот істерінің көпшілігі аза­маттық істер екендігін білу қажет, оның себебі адам­дар күн сайын аза­мат­тық құ­қықтық қатынас­тарға тү­се­ді. Жаңа АПК-ні Жоғарғы Сот дайын­дады. Елбасы­мыз­дың  бұл қа­да­мы сот жүйесіне көрсетілген үлкен сенім, оның жұмысына бе­ріл­ген оң баға екендігін атап айтқан жөн.

Есен Үстелбаев,

Жамбыл аудандық сотының төрағасы.