ДАУДЫ ШЕШУДІҢ БАЛАМА ТҮРІ

Уақыты: 04.08.2016
Оқылды: 2114
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Елімізде даулы мәселені оңтайлы шешудің баламалы тәжірибесі ре­тінде «Медиация туралы» Заң қабылданған болатын.  Заң Қа­зақ­стан Рес­публикасында медиацияны ұйымдастыру саласын­дағы қо­ғамдық қа­­тынастарды реттейді. Егер Қазақстан Республикасының заң­да­рын­да өзгеше белгіленбесе, жеке немесе заңды тұлғалар қа­тысатын аза­маттық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қа­ты­настардан туын­­дайтын онша ауыр емес,  орташа қылмыстар ту­ралы сот ісін жүр­гізу барысында қаралатын даулар медиацияның қол­данылу саласы болып табылады. Достық  үйінде «Этносаралық қа­ты­настар сала­сын­дағы медиация» деген тақырыпта семинар өтті.

 

Оған аудандардан кәсіби емес медиаторлар, судьялар және этно­мә­дени орталық төрағалары шақы­рыл­ды. Шараны   «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры  Тәңірберген Қасымберкебаев ашты. – Медиация қызметі қазақта бұрын­нан бар.  Ел арасындағы дау-дамай­ды би, шешен немесе ақсақалдар шешіп отырған. Билер жапа шеккен жақтың шығынын екінші жаққа төлету  арқылы татуласуға мүмкіндік ту­ғыз­ған. Жиын барысында Атыраудан кел­ген маман Неля Ыбыраева заңның тиімді тұстары жайлы әңгімеледі.          – Қазіргі уақытта медиаторлардың қа­тысуымен көп  істің тиімді шешіліп келе жатқанын айту қажет. Сот тәр­тібі бойынша қарастыруға тиіс дау­лар­дың саны қысқарды. Бітімгершілік рәсімдер – әділ шешім шығарудың  кепілі. Медиациялық қызметтің  түрі ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Істі сотқа жеткізбей шешу – уақытты үнемдейді және жүйкені жұқарудан сақ­тайды. Сондықтан, ағайын ара­сындағы ренішті даусыз шешудің бұл жолы тиімді. Бұрын ата-ба­ба­ла­ры­мыз: «Ауыл ағасыз, тон жағасыз бол­майды», – деп  ұсақ-түйек  өкпе-наз­ды үлкендердің сөзіне құлақ түру арқылы даурықтырмай шешуге ты­рыс­қан.  Араздасқандар ат-шапан айып төлеп,  өзара татуласқан. Көрші-қолаңның түсініспеушілігін осылай медиатормен шешкен дұ­рыс», – деді баяндамашы. Семинар ба­рысында әркім  адамдық, сый­лас­тық, сөзге тоқтау жайлы ойла­рын айтып, ақсақалдардың  ел ара­сындағы дау-дамайды шешудегі  дәстүрін қайта жалғастыру керек­тігін сөз етті.  Этномәдени орта­лық­тардың мүшелері  көрші-қолаң ара­сындағы дау-дамайға араша  тұру жайлы өз халқының салт-дәстүрін ортаға салды.  Әр ұлттың көшбас­шы­лары  ел арасындағы тыныштық­ты сақтауға өздерінің де атса­лы­сулары керектігін жақсы біледі.  Ме­диациялық қызметті атқаруға этно­мәдени орталық қызметкерлерінің де қақысы бар.  Қоғамдағы ты­ныш­тықты сақтау – баршаға ортақ міндет.

 

Гүлжан МҰҚАШҚЫЗЫ.