Жемқорлықпен күрес күшейеді

Уақыты: 28.02.2018
Оқылды: 2808
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенім білдіріп, бұл үшін шешуді талап ететін 10 міндетті айқындаған. Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін тоғызыншы міндет ретінде жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін басымдыққа қойған.

Елбасы  өз Жолдауында «Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді. Көп жұмыс істеліп жатыр. Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді», – деп атап айтқан. 
Бұл ретте облыс бойынша тексеру комиссиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша көптеген жұмыстар атқаруда. Облыс бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің штаттық саны 52 бірлікті құрайды. Оның ішінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 61-бабына сәйкес мемлекеттік аудитор біліктілігін 47 мемлекеттік әкімшілік қызметкер иеленген. Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары аталған қағидаларды білетіндерін және мемлекеттік аудит органдарына мемлекеттік қызметке кіру кезінде оларды сақтауға келісетіндерін растау үшін растау нысанына қол қойып таныстырылды.
Мемлекеттік аудит Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің №17-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қағиданың 60 тармағына сәйкес тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі мен мемлекеттік аудит бөлімінің басшысымен аудиторлық іс-шараға шыққанға дейін мемлекеттік аудит тобының қатысушыларына техникалық сабақ тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Мемлекеттік аудиторлар тарапынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын бірегей, дұрыс қолдануды қамтамасыз ету мақсатында аудиторлық есепке құқықтық және сапаны бақылау жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және құқықбұзушылықтардың алдын алу, болдырмау мақсатында –Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясында 2017 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар салалық жоспары әзірленіп, бекітілген, сонымен қатар аталған жоспардың орындалуы туралы жинақтау папкасы жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің №04-01-12/2056 хаты негізінде тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары бекітіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері тарапынан Мемлекеттік кірістер органдарына табысы мен мүлкi жөнiнде декларацияларын уақтылы тапсыру жұмыстары ұйымдастырылып, қатаң бақылауда. 
Ай сайын өткізілетін аппараттық оқытуларда Заңнама нормалары, Қазақстан Республикасы Президентінің Үндеу мен Жарлықтары талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында облыс бойынша мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері шақырылды. Аталған тұлғалар жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бойынша баяндама оқып, бейнематериал көрсетті. 
Тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері тарапынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары және Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары нормаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету мақсатында тексеру комиссиясының сенім телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Тексеру комиссиясының ғимаратында басшылықпен өткізілетін азаматтарды жеке қабылдау кестесі орналастырылған. Тексеру комиссиясының ресми веб сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат парағы ашылып, атқарылған іс-шаралар туралы мәліметтер орналастырылып тұрады. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
 
Н. АКЕЖАНОВ,
Алматы облысы бойынша 
тексеру комиссиясының төрағасы