Кемел келешек үшін

Уақыты: 30.03.2018
Оқылды: 1646
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Елімізде құқықтық және институционалдық жаңа база құрылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу механизмдері жетіліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстардың шешімін табу үшін мемлекеттің қоғам індетіне қарсы саясатын жандандыруға негізделген жаңа жүйелік талаптар қабылдау қажеттігі туындады. 

Осының негізінде Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы әзірленіп, бекітілді. Осыған орай «нөлдік төзбеушілік» қағидасын қалыптастырып, жемқорлық деңгейін төмендету үшін нақты  шаралар қолға алынды. Нәтиже де жаман емес. Барлық мемлекеттік органның бұл бағыттағы жұмыстарының тиімділігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бақылауында. Құқықбұзушылықтар еліміздің дамуына кері әсер етіп, заң аясында қызмет жасауға кедергі болатыны барлығымызға мәлім.
Қазіргі тәжірибеге сүйенсек, заңға қайшы әрекеттері үшін әшкереленген әрбір қызметкер атқарып отырған қызметі мен шендеріне қарамастан заңның барынша қатаңдығы бойынша жауапқа тартылады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу белгілі бір топтың немесе бір ғана адамның мойнына артылған міндет емес. Бұл мәселеге тойтарыс беру – Қазақстанның әр азаматының басты міндеті мен азаматтық борышы. 

Қатипа Жұманова,
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
техникалық реттеу және метрология комитеті
Алматы облысы бойынша департаменті басшысының  міндетін атқарушы