Айыппұлсыз жыл

Уақыты: 30.03.2018
Оқылды: 1136
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорған гарнизонының әскери полиция бөлімі Елбасының 2012 жылғы  14 желтоқсанындағы Жолдауында  талап етілген «Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» атты принципін іске асыру мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізуде. Солардың бірі ретінде биылғы жылдың наурыз айындағы Талдықорған гарнизонының 54380, 18404, 21751, 48386, 15603, 18386, 55078 әскери бөлімдерінде әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған  «Айыппұлсыз жыл» атты акциясын атап өтуге болады. 

Акция шеңберінде Талдықорған гарнизонының әскери полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен қоғам өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті. Жиында әкімшілік  заңнама талаптары  айтылып, кеңейтілген ақпараттық және құқықтық түсіндіру  жүргізілді. 
«Дөңгелек үстелдің» негізгі мақсаты:
– заңдылықты, құқықтық тәртіпті және  әскери тәртіпті нығайту;
– әскери  қызметшілердің ұсақ құқықбұзушылықтар мен тәртіпсіздікке төзімсіздік принципін қалыптастыру;
– әскери қызметшілердің құқықтық мәдениеттері мен құқықтық саналарын жоғарылату.
«Айыппұлсыз жыл» акциясы шеңберінде Талдықорған гарнизонында әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің қатысуымен әскери  бөлімдерде  4 рет әйелдер  кеңесі өткізілді. Жанұя мүшелерімен отбасыдағы өзекті сұрақтар талқыланып, түйткілді сұрақтарға жауап беріліп, шешімін табу жолдары қарастырылды. Оларға қазіргі уақытта  әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны  үшін  айыппұл мөлшері заңмен анағұрлым ұлғайтылғаны жеткізілді (1 АЕК=2405 тенге) және айыппұлды төлеу  отбасы  бюджетіне  кері әсерін тигізіп, келеңсіз жайтқа алып келетіндігі ескертілді. Талдықорған гарнизонында  әскери  полиция бөлімдерінің әскери қызметшілеріне, әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны  үшін  соттардың қаулыларын, ішкі істер органдарының және әскери полиция бөлімімен әкімшілік жауаптылыққа тарту  бойынша  қолданылған шаралары жеткізілді.
Акция шеңберінде  әкімшілік тәжірибе бөлімшесімен  11 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, әскери қызметшілер тарапынан  әкімшілік құқықбұзушылық жасауға дайындалып  жатқан (көшелерді белгіленбеген жерден өту, қоғамдық орындарды, парктерді ластау, коммуналды қоқыстарды белгіленбеген жерге тастау, тыныштықты бұзу және т.с.с.), әскери қызметшілер тоқтатылып, барлығы 25 әкімшілік құқықбұзушылық фактілері тіркелді. Әскери қызметшілерге әкімшілік заңнамасының талаптары түсіндірілді.

Д. ДҮйсенбинов,
 Талдықорған гарнизоны әскери полиция 
бөлімі әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы, әділет капитаны