ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Уақыты: 20.04.2018
Оқылды: 1642
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

    Бүгінде дерттің қауіптісі де, сорақысы – сыбайлас жемқорлық. Оның алдын алу үшін елімізде көптеген шаралар ұйымдастырылып, бірқатар жұмыстар жүзеге асып жатыр.  Дертті тез арада иектендірмесе қоғамды ластап, елімізге зиянын тигізеді. Бұл дерттің туындауына ашкөздік, тоғышарлық сынды біршама себептерді тізіп айтсақ болады. Осы бір үш басты айдаһардай ақырынған дертті ауыздықтау жұмыстары тоқтап қалмақ емес. Өз мүддесін жоғары қойып, қу құлқынның құрбаны болған жемқорларға елімізде орын жоқ. Өркениетті еліміздің экономикасы да, басқа салалары да тәртіпке бағынып, тазалықты ұстауы қажет.
    Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты мақсаты – азаматтарымыздың құқықтарын қорғау.

    Жүейлілік пен реттілік -сайып келгенде тәртіпке негізделіп, ұжымның алға қойған жоспар, міндеттерімен мақсаттарына орындауға ықпал етпек.

    Мақсатымыз айқын, мүддеміз ортақ. Ендеше өнімді жұмыстың бастауы – заң қағидасымен темірдей тәртіп болмақ.

Санат САРҚЫТОВ
Ескелді аудандық сотының қызметкері.