Талдықорғанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтуде

Уақыты: 04.11.2024
Оқылды: 407
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Бүгін Жетісу облысының Талдықорған қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр.

Оқу-жаттығудың мақсаты, құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру. Жаттығу террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризм актісінің жолын кесу шараларын жетілдіруге бағытталған.

Осыған орай, азаматтарды өткізіліп жатқан іс-шараларға, көлік пен адамдар қозғалысының уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жетісу облысының жедел штабы.