ІІМ ОРЫНБАСАРЫ ШЕРЗАТ БОЛАТТЫҢ ӘКЕСІ НЕ ҮШІН ҚАМАЛҒАНЫН АЙТТЫ

Уақыты: 11.12.2024
Оқылды: 365
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ҚР ІІМ орынбасары Санжар Әділов марқұм Шерзат Болаттың әкесі не үшін ұсталғанын мәлімдеді.


 

Баршаңызға мәлім, Еңбекшіқазақ аудандық соты хабаралағандай, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін және көлік қозғалысына кедергі жасағаны үшін азамат Нұрымов әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Ал қазан айында қаза тапқан Шерзат Болаттың өлімін тергеу аяқталуға жақын екенін атап өтті.

Қылмыстық істі тергеу соңына таяп қалды. Жыл соңына дейін біз барлық сараптаманы алып, барлық тергеу әрекеттерін аяқтаймыз. Қылмыстық іске қатысы бар 11 күдікті қамауда отыр. Олардың барлығы жауапқа тартылады. Прокурордың келісімі бойынша түпкілікті айып тағылады, – дейді ҚР ІІМ орынбасары.