ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫ ДЕГЕН КІМ?

Уақыты: 24.12.2024
Оқылды: 370
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңында мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының құзыреттіліктері айқындалған.

Мемлекеттік сот орындаушылары мемлекеттен өндіріп алу, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы мемлекетке және олармен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғадан өндіріп алу, мүлікті тәркілеу не мүлікті мемлекетке беру туралы, мемлекет мүддесіне жүргізілетін үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою және басқа да істердің санаттары туралы атқарушылық құжаттар бойынша ғана өндірістерді қозғай алады.

Жеке сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензия (бұдан әрі – жеке сот орындаушысының лицензиясы) негізінде, заңдытұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Сондай-ақ, заңнамада олардың жеке және заңды тұлғалардың пайдасына өндіруді іске асыру бойынша айырықша өкілеттіктері белгіленген.

Жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне жеке және заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау жатады. Жеке сот орындаушысы орындата алмайтын сот шешімдері бар. Олармен тек мемлекеттік сот орындаушысы айналыса алады. Яғни, мемлекеттен өндіріп алу, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы мемлекетке және олармен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғадан өндіріп алу, табиғи монополиялар субъектілерінен өндіріп алу, өндіріп алу мөлшері бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу, мүлікті тәркілеу не мүлікті мемлекетке беру туралы, мемлекет мүддесіне жүргізілетін үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою.

Даулет Ахбанбетов,
Жетісу облысы атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы
Фото: nbusiness/Midjourney