Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға салынатын айыппұл көлемі өсті

Уақыты: 10.02.2025
Оқылды: 272
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді қорлау мәселесіне қатысты заң қатаңдатылды. Бұл туралы 7- su.kz желілік басылымы Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Енді, Мемлекеттік рәміздерге қатысты құқықбұзушылық анықталған жағдайда, кінәлі азаматтарға 3000 АЕК көлемінде айыппұл салынады, яғни 11 796 000 теңге көлемінде қаржылай жаза енгізіледі. Бұл шара - еліміздегі заң бұзушылықтарға қарсы күрестің бір бөлігі және азаматтардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қабылданды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 372-бабы бойынша Мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін: Айыппұл түзеу жұмыстарына 900 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру. Мемлекеттік туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз - бұл біздің ұлттық айшықтарымыз, Қазақстанның бет-бейнесі! Оларды қорлау - ұлттық құндылықтарымызға қол сұғумен тең.  Тәуелсіздігіміздің қадірін біліп, рәміздерімізді әрқашан қастерлейік!