ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ НАЗАРДА

Уақыты: 03.07.2018
Оқылды: 1152
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

    Сыбайлас жемқорлық – өте қауіпті, жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі. Оған қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

 

    Облыс бойынша экология департаментінде Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы  басшылыққа алынып, 2017–2018 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр. Айталық, кірістер және мүлік туралы декларацияларды жыл сайынғы тапсыруы, мемлекеттік қызметке түсу кезінде шектеулерді қабылдауы, әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына конкурстардың өткізілуі, азаматтарды жеке қабылдауы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауы, құқықтық жалпы оқу бойынша сабақтар мен семинарлардың өткізілуі. Департамент қызметкерлері қатысуымен «Жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтiнiштерiн қарау бойынша ескертпе», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының негізгі талаптарымен таныстыру», «Мемлекеттік қызметшінің әдеби және мінез-құлық нормалары нұсқаулығымен (pocketbook) таныстыру», «Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы» және т.б тақырыптарда  құқықтық оқулар өткізіліп келеді. Департамент басшысына биылғы жылда түскен өтініштердің негізгілері атмосфераға залалды заттардың шығарылу, белгіленбеген жерлерде және рұқсатсыз түрлі қалдықтарды орналастыру, сондай-ақ, заңсыз жер қойнауын пайдалану және экологиялық заңнаманы түсіндіру тұрғысындағы келіп түскен өтініштер уақытылы қаралып, жазбаша жауаптары беріліп отырады.
   Мекеменің көрнекті жерлерінде Қазақстан Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттары, азаматтарды қабылдау кестесі стендтері орналасқан. Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары және көрсетілген мемлекеттік қызметтерге ұсыныс, пікірлер салуға арналған жәшігі ілінген, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп Кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген. Осы мақсатта департаментте 8-7282-24-23-42 сенім телефоны жұмыс істейді. Сенім телефондарға түскен өтініштерді тіркейтін есеп журналы бар. 
   Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес материалдақ құндылықтар сатып алуда  электронды түрде мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы жүзеге асырылып отырады, порталда барлық әлеуетті өнім берушілер хабарлама мәтінімен таныса алады және конкурсқа қатыса алады. Қазіргі  таңда біздің мекеме заң талаптары аясында жұмыс жасап келеді. Алдағы уақытта да Қазақстан Республикасы заңдылықтарының толық сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қарсы ымырасыз күрес жүргізуіне ықпал ету мақсатында жұмыстар жүргізіле беретін болады.

А. Джумашова, 
 облыс бойынша экология 
департаментінің бас маманы-заңгер