ПАРА ТҮБІ - ҚОРЛЫҚ

Уақыты: 03.08.2018
Оқылды: 1058
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

   Ғасыр дертіне айналған жемқорлық қай мемлекеттің де өзекті мәселесіне айналып отыр. Әлем елдері қоғамның өрге басуына орай осындай жағымсыз құбылыстарды  болдырмаудың жолдарын  күнделікті қарастырып отыр.
Қазіргі қоғамда халқымыздың санасы ояу, күнделікті теледидардан маңызды жаңалықтарды көріп, талқылап отыруы заңды құбылыс.
   Егемендік алып, көк байрағымыз желбіреп, бейбітшілік заманда отырмыз деп айта аламыз.  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің арқасында бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қарқынды жүргізілуде. Сол үшін біз халық болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуіміз қажет.
   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Пенжім ауылдық округіндегі тұрғындармен, қоғамдық ұйымдар, мекеме қызметкерлері мен ауыл ақсақалдары «дөңгелек үстел» өткізді. Панфилов аудандық әділет басқармасының бас маманы
   Қ. Розыбакиевтың қатысуымен «Сыбайлас жағдайды туғызатын құқықбұзушылықтар және олар үшін жауапкершілік» атты дәріс оқылды. Сонымен қатар, А. Розыбакиев атындағы орта мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы жиналыстар өткізілді. Сәуірде «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Пенжім ауылының әкімі Ербол Сқақов ауыл тұрғындарымен, ауыл ақсақалдарымен әр ай сайын бас қосып, олардың ақыл-кеңестерін тыңдап, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында олардың пікірлерін біліп, өткізілген іс-шаралар туралы өзінің есебін беріп отырады. Пенжім ауылдық округінде игі істер жалғасуда.


Тоқтаргүл Киізбаева,
    Пенжім ауылының зейнеткер ұстазы