Ар таңдауы - адалдық

Уақыты: 09.08.2018
Оқылды: 1336
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығында «Болашақ. Жастар және саясат» жеке қорының ұйымдастыруымен  «Біз – коррупцияға қарсымыз» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Онда өңірімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу жолында атқарылып жатқан ауқымды істер сөз болды. 

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жанындағы арнайы мониторинг тобының жетекшісі Дания Қыдырбаева, облыстық «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы» қоғамдық бірлестігінің директоры Қайрат Нұрханов және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Меруерт Карбозова қатысты. Алғашқы сөзді «Болашақ. Жастар және саясат» жеке қорының төрағасы Қанат Саршаев бастады. Ол әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айшықтаған еліміз үшін ғасыр дертінен айығу жолдары жайлы әңгіме қозғады. Ал Дания Сәлімбайқызы болса сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы ҮЕҰ-ның үлесін баяндады.
Қоғамдық дертпен күрес бойынша мемлекет тарапынан атқарылып жатқан істер барысын Меруерт Бекетбайқызы таныстырды. Ол елде белең алған сыбайлас жемқорлық туралы арнайы бейнежазба көрсетті. 
Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша тұшымды жауап алып, өздерінің ұсыныстарымен бөлісті. 

Әмина Құдайбергенова