Бақытжан ЕРТАЕВ: "ПОЛИЦИЯ ҰРЫҒА ЖЕТЕ АЛМАЙДЫ"

Уақыты: 19.10.2018
Оқылды: 1614
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан ЕРТАЕВ Алматы обылстық ішкі істер департаментінде өткен жиында осылай деді. Бірқатар өзекті мәселе көтерілген жиында депутат тыныштық сақшыларының жұмысына қатысты өз ойын ашық білдірді.

Халық қаһарманы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына тоқталып, тиісті тапсырмаларды бірлесіп атқаруға міндетті екенімізді тілге тиек ете келіп: "Бұқаралық ақпарат құралдарына көңілім толмайды. Кино көреміз, көпшілігі заңбұзушылықты насихаттайды. Біздің ұлттық менталитет бөлек емес пе еді? Оған ел әлі дайын емес. Шені бар адамдарды сыйлауды біз кеңес кезінде үйренгенбіз. Милицияны көрсек, екі қолмен сыйласып амандасатынбыз. Ал қазір не болып жатыр? Оған біз кінәліміз. Себебі, не болса соны жазады, кинода не болса соны көрсетеді. Бұлай болмайды ғой. Кім бұған кінәлі? Әрине, бәріміз. Мысалға учаскелік полицияны алайық. Ол бейшараның қолында түгі де жоқ. Машинасы да жоқ. Ұрыға жете алмайды. Құрметті, ел қауіпсіздігін ойлайтындар! Тыныштық сақтайтын сендерсіңдер. Осындай үлкен абыройлы жұмыс иығымызда", – деді. Генерал-лейтенант Бақытжан Ертайұлы шенділерге деген сый-құрметтің төмендегеніне налып, оған бүкіл қоғам кінәлі екенін жеткізді. Ал жоғарыдағы мәселелерді шешу үшін де үлкен реформа керектігін айтты.

Мәулен ӘНЕРБАЙ