ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС КҮШЕЙЕДІ

Уақыты: 26.11.2018
Оқылды: 1157
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

   Ағымдағы жылдың тоғыз айында облыс көлеміндегі ведомствоаралық жұмыс тобына мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау бойынша 245 ұсыныс жолданып, оның ішінде 244-іне тиісті шаралар қолданылған. Қалған бір ұсыныс орындалу үстінде.

 

   Бұл жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті ұйымдастырған «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанға көшіру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері» тақырыбында Рухани жаңғыру орталығында өткен кездесуде жан-жақты айтылды. 
   Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында 2018 жылдың тоғыз айында атқарылған істер, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанға көшіру нәтижелері тыңдалды. 
   Басқосуда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Өмірзақ Ниязбеков ағымдағы жылдың тоғыз айында денсаулық сақтау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметті электронды форматқа ауыстыру жөнінде баяндама жасады. Айта кетейік, Елбасы  Н. Назарбаевтың Жолдауында мемлекеттік қызметкер мен қоғам арасындағы байланысты күшейту керектігі ескертілген болатын. Осыған орай 2016 жылдың соңында агенттік тарапынан жергілікті жерлерде ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған. Бұл топтың басты мақсаты – облыс көлемінде мемлекеттік қызмет көрсететін органдардың жұмысын жақсарту бойынша атқарылған істерді және халық пен мемлекеттік қызметкер арасындағы байланысты күшейту. 
    Тоғыз айда денсаулық сақтау басқармасында және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда 3 965 458 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде, қағаз түрінде 960 286 қызмет атқарылған. 

М. СЕРІКҚЫЗЫ