МАЛ ҰРЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ТОП ҰСТАЛДы

Уақыты: 13.12.2018
Оқылды: 1145
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Полицейлер Алматы облысы Көксу ауданынан 12 бас ірі қараның ұрлығына қатысы бар деген күдікпен екі малшыны ұстады. Аталған деректертердің барлығы биыл Жарлыөзек ауылдық округі аумағында тіркелген. Екі күдікті азамат та малшы болып жүріп, жайылымдағы бос жүрген бөтен малды қолды қылуы мүмкін.
- Анықталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 188-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тексеру аяқталғанға дейін күдіктілер мекенжайын ауыстырмау және келу туралы міндеттемемен жіберілді. Сондай-ақ, Көксу ауданының тәртіп сақшылары ұрланған малды сатып алушыларды анықтады және олар да қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, -  деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес облыста мал ұрлығына қарсы күрес шаралары өткізіліп, 3 күн ішінде өзгенің малын қолды қылды деген күдікке ілінген 21 адам ұсталды. Олардың 19 ұрлық дерегіне қатысы болуы мүмкін, оның 4 фактісі өткен жылдары жасалған қылмыстар санатына жатады. Жыл басынан бері  1200-ге жуық мал басы табылып, заңды иелеріне қайтарылды. Полицейлер 100 астам ұрлық дерегіне қатысы бар екені дәлелденген мал ұрлығын кәсіп қылған 35 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.

ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ