ЖҰБАЙЫН ҚОРҒАЙМЫН ДЕП...

Уақыты: 31.01.2019
Оқылды: 1006
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Тәртіп сақшылары ауылдасын жұдырықпен ұрып өлтірді деген күдікке ілінген Талғар ауданының 50 жастағы тұрғынын ұстады.

Оқиға 23 қаңтарда Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында орын алған. Екі ауылдастың арасындағы тұрмыстық жанжал төбелеске ұласып, ауыр жарақаттан 52 жастағы ер адам ауруханада жан тапсырды.

Тергеу барысында қайтыс болған азамат пен күдіктінің жұбайы арасындағы жанжал кезінде күдікті жұбайын қорғау мақсатында осындай қадамға барғанын түсіндірді.

- Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Талғар ауданы полициясының уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Істі тергеу Талғар аудандық полиция қызметкерлерінің өндірісінде, - деп атап өтті Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"