ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНЕ ШАБУЫЛ ЖАСАЛДЫ

Уақыты: 06.02.2019
Оқылды: 1111
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Тәртіп сақшылары «Комсомол-Чапай» автожолының бойында орналасқан жанармай құю бекеттерінің біріне қарақшылық жасады деген күдікпен екі азаматты ұстады.

Күдіктілер алдын ала келісім бойынша қылмыстық ойларын іске асыру мақсатында бетперде киіп, жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған. Күзетші мен оператор қызды байлап тастап, кассадағы 200 мың теңгеге жуық қаржыны және алдын ала дайындалған арнайы көлікпен 18 тонна дизель отынын қолды қылған.

Жедел іздестіру шаралары барысында Іле ауданының полицейлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Алматы қаласының екі тұрғынын ұстады.

- Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-тармағына сәйкес, қарақшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған ірі көлемдегі дизель отыны заңды иесіне қайтарылды, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"