ЕРЛІК ЕСТЕН ӨШПЕК ЕМЕС

Уақыты: 14.02.2019
Оқылды: 1053
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Осыдан 30 жыл бұрын Кеңес әскері Ауған жерінен шығарылды. Кеңес әскерлері, оның ішінде қазақстандық жауынгерлер Ауған мемлекетінің тәуелсіздігіне, демократиясына қауіп төндірген ішкі жауымен күресіп, интернационалдық достық көмегін көрсетті.

Табаны күректей 10 жыл бойы «ауғандықтар» толарсақтан саз кешіп, Кабул, Джелалабад, Гүлхан, Кандагар сияқты жерлерде соғыс өртін кешті, жауынгерлік достарынан айырылды. Сондағы барлық жауынгер-интернационалистерді біріктірген жалғыз құдіретті күш – антқа адалдық, сертке беріктік, Отанға құрмет! Олар өздеріне жүктелген әскери міндеттерін адал, әрі қалтқысыз атқара білді.

Сол отты жылдардың ауыр азабы санадан өшкен жоқ, өшпейді де. Бұл күн көңілде сыз, жүректе ізін қалдырып кетті. Бүгінде Ауған соғысының ардагерлері еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етіп келеді. Сол жылдары Алматы облысынан 3500 адам аттанды. Ал бүгінгі күні 1876 ардагер тіркелген. 

Құрметті, интернационалист-жауынгерлер, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін. Отанға қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болып ортамызда жүре беріңіздер! Абыройларыңыз асқақтай берсін!

Талғат Дәулетханов,
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің бастығы, подполковник