ЖОЛ АПАТЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

Уақыты: 15.02.2019
Оқылды: 1826
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорған гарнизонының әскери полиция бөлімінде Талдықорған және Үштөбе гарнизонына қарасты әскери бөлімдер мен мекемелерінің автоәуесқой қоғамы төрағаларының қатысуымен жиын өтті.

Аталған жиын жол-көлік оқиғасының себептері мен алдын-алу шараларына бағытталды. Басқосуда жол көлік апаттарын болдырмау және апаттан зардап шеккендер санын азайтуға бағытталған іс-шаралар жоспары айтылды.

Әскери автомобиль полициясы бөлімшесінің офицері, аға лейтенант Б. Сәулетұлы адам өмірінің қиылуымен орын алған жол көлік апаты оқиғаларына мысал келтіре отыра 2018 жыл бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде орын алған жол көлік апаты қорытындысын зерделеді. Сондай-ақ, ЖКО-ның алдын алу бойынша жұмыс сапасын арттыру мақсатында, әскери бөлімде жасалуға тиіс құжаттарын, айталық, ұйымның жарғысы, әуесқой автомобильшілердің тізімі, жоспар-конспектілер, хаттамалар, сұхбаттасу парақтары және алдын алу іс-шараларының өткізілу кезеңдері, есеп материалдарын ұсыну тәртібі, ЖЖҚ бұзушылығы үшін әкімшілік құқықбұзушылықтар айқындалған кездегі іс-қимылдарының тәртібі, әскери қызметшінің қатысуымен болған ЖКО кезіндегі іс-қимылдарының тәртібін түсіндірді.

Сонымен қатар, Талдықорған гарнизонының әскери полиция бөлімінің әскери автомобиль полициясы бөлімшесінің бастығы, капитан Ә. Оханов 2018 жылғы желтоқсанда Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығымен бекітілген әскери қызметшілердің қатысуымен жол-көлік оқиғалары мен олардың ауыр салдарының санын төмендетуге бағытталған алдын-алу шаралар жоспарының тармақтарын талқылап, автоәуесқой қоғамы төрағаларына бірқатар тапсырма жүктеді.

 Әділет Оханов,
Талдықорған гарнизонының әскери полиция бөлімінің
әскери автомобиль полиция бөлімшесінің бастығы, 
капитан